Мақалалар

ЖОСПАРСЫЗ ЖҮКТІЛІКТЕН САҚТАНУ

ЖОСПАРСЫЗ ЖҮКТІЛІКТЕН САҚТАНУ

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

⚠️ Мүшеқап (презерватив)
Тиімділігі: жүктіліктен сақтануда 100 пайыз кепілдік бере алады. Еркектің ұрығын жатырға жібермей, ұстап қалатындықтан, жүктілік те болмайды. Оған қоса, әлемде кең тараған СПИД, ВИЧ ауруларынан тиімді қорғаныс.
Кемшілігі: Қолданар алдында оның сапалылығына мән беріңіз. Жыртылған немесе бұрын пайдаланылған мүшеқаптарды мүлде қолданбаңыз. Сапалы дегендерінің өзі температураның ауысуына шыдас бермейді. Сондықтан, оны қалыпты температурада тұрған бөлмеде сақтау қажет.

⚠️ Спермицидті құралдар. Бұған түрлі таблеткалар, крем, мазь, свеча түрінде шығарылатын құралдарды жатқызады.
Тиімділігі: Жатырға енген еркектің шәукетінің белсенділігін жояды. Сондықтан, ұрықтану процесі жүрмейді. Оған қоса, жыныс мүшелері арқылы берілетін түрлі аурулардың да алдын алатын қасиеті бар. Өйткені, жатырға енген түрлі вирустарды жойып жібере алады. Тұрақсыз жыныстық қатынаста өмір сүретін әйел баласына қолайлы.
Кемшілігі: Әрбір жақындасудан кейін біреуін салып отыру керек. Кей жағдайда аллергиялық белгілер байқалуы мүмкін.

⚠️ Спираль. Кең тараған тиімді тәсіл. Оның қарапайым пластиктен, күмістен және мыстан құйылған түрлері кездеседі. Формасы да алуан түрлі.
Тиімділігі: Жүктіліктен ұзақ мерзімге сақтануға болады. Шығарылу тәсіліне қарай 1 жылдан 5 жылға дейін жатыр ішінде тұра береді. Дәрігерлер 98 пайыз сақтайтындығына кепіл береді. Ағзаның зат алмасу процесіне әсер етпейтіндіктен сырқат (қант диабеті, жүрек ауруларына ұшыраған) әйелдерге де қолдана беруге болады.
Кемшілігі: Алғашқы айларда етеккір аса көп көлемде келуі мүмкін. Құрамы әр түрлі болатындықтан кері әсерін тигізетін кездері болады. Сондықтан, гинеколог – дәрігер спиральді жатырға енгізер алдында нұсқауымен мұқият танысып шығу керек. Жатыр іші құралдарын қолданғаннан кейін түрлі жыныстық аурулар қозуы мүмкін. Жатыидар тыс жүктіліктің қауіптілігі 20 пайызға дейін артады.

⚠️ Гормоналды құралдар
Тиімділігі: Жүктіліктен сақтану мақсатында ғана емес, ағзадағы түрлі гормоналды ауытқушылықтарды ретке келтіру үшін қолдануға болады. Етеккірдің жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Мамандар бұл дәрілердің жатыр мен сүт бездерін рак ауруынан сақтайтындығын айтып жүр.
Кемшілігі: Семіруден, жүрек, қан-тамыр ауруларынан зардап шегетіндер, темекі тартатындар, сондай-ақ қант диабетімен ауырғандарға пайдалануға болмайды. Өйткені, оның құрамында қанды қоюландыратын заттар бар. Үздіксіз пайдаланғандықтан бауырға салмақ салады. Бауырында кінәраты барларға да қолдануға болмайды. Сондай-ақ, ең қиыны – гормоналды құралдар белгілі бір уақытта, тұрақты түрде қолданылатындықтан, уақытын өткізіп алуға болмайды. Әйелдер арасында бұл құралдарды қолдану барысында салмақ қосатындығы туралы айтылады. Бұл дәрілер адамның тәбетін ашатындықтан, асты әдеттегіден көбірек тұтына бастауыңыз мүмкін. Бұл өз кезегінде артық салмаққа алып баратыны жасырын емес.

Контрацепцияның түрін таңдау сізге ғана байланысты екендігін жадыңыздан шығармаңыз. Дәрігердің кеңесі міндетті түрде қажет. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда. Жасанды түсікке жеткізбей, сақтанудың түрлі амалдары бар екендігіне көз жеткіздіңіз деп ойлаймыз.

Related Articles

3 Comments

  1. I’m commenting to let you be aware of of the beneficial discovery my child encountered browsing the blog. She came to understand a lot of details, including how it is like to have a great coaching character to get certain people completely comprehend a variety of complex issues. You actually did more than her desires. I appreciate you for coming up with such essential, dependable, edifying and cool guidance on that topic to Ethel.

  2. Thank you for each of your hard work on this web page. My aunt really likes going through investigations and it’s really obvious why. Most of us learn all of the lively method you offer precious suggestions through this web site and even increase participation from some other people on the matter so our favorite girl is in fact learning a lot of things. Take advantage of the rest of the year. You are always doing a really great job.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Back to top button