Мақалалар

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРҒА МЫНА НӘРСЕЛЕР ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРҒА МЫНА НӘРСЕЛЕР ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ

1) Бақытыңыз қасыңыздағы сүйіктіңізге тәуелді екеніне сенімдісіз☹️
“Егер ол мына нәрселерді жасаса мен бақытты боламын” – деп көбіне өзін төмен бағалайтын адамдар ойлайды. Бірақ бұндай қысымға тап болған сүйіктіңіз сізден қашып кетуі мүмкін.

2) Өзіңізді 2-ші орынға қоясыз😣
Кейде өзіңізді тастап, еріңіздің айтқанын бұлжытпай орындайсыз. Ал өзіңіздің қызығушылықтарыңызды ұмытып кетесіз. Бірақ жәбірленуші болудың қажеті жоқ, уақыт өте келе ол үшін жасағандарын сіздің міндетіңіз ретінде қабылдайды.

3) Шамадан тыс үстемдік😯
Еріңіздің балаға айналып кетуін қаламасаңыз, ол шешетін мәселелердің жауабын айтпаңыз. Масыл боп алады. Анасына айналып, оны келемеждемеңіз. Қадір-қасиетін жоғалтқан еркек өмірге деген құштарлығын жоғалтады.

4) Шамадан тыс қызғаныш😕
Ойнап қызғану көп еркектерге ұнайды, бірақ тұрақты түрде қызғаныштың кесірінен шығатын ұрыстар ешкімге керек емес. Еріңізге сенбейтін болсаңыз, оның не керегі бар?

5) Эгоизм💔
Эгоизм тұрмысыңызды оңай әрі тәуелсіз етіп көрсетеді. Бірақ ол жай ғана иллюзия. Егер екі жақтан компромисске келе алмайтын болсаңыз, мәселелерді бірге шеше алмасаңыз – қарым-қатынас тез аяқталады.

6) Сарказм мен әзіл😖
Еріңіздің сәтсіздіктеріне ащы әзіл тасаған күлкілі көрінер, бірақ сіз стендап-комик емессіз. Сарказм оны басында күлдіруі мүмкін, бірақ жиі жалғасатын әзілдер оның ашуына тиіп, жүрегін ауыртуы мүмкін. Кейін проблемаларын сізге емес, басқа адамға айтатын болады.

7) Уақыт жеткіліксіз💆🏻‍♀️
Бір-біріңізге күніне 1 сағат уақыттарыңызды бөле алмасаңыздар, болашақта бірге бала асырауға да уақыт болмайды-ау. Кез-келген графикте сүйіктіңізге уақыт бөлуге болады!

8) Күш-жігеріңізді бергіңіз келмейді😒
Қарым-қатынасты міндет деп қабылдамаңыз. Бір-біріңізге көңіл бөліп, бірге дамыңыздар.

9) Кішкентай өтірік😟
Кішкентай өтіріктер жиналып үлкен өтірікке ұласуы мүмкін. Бұның түбі жоқ. Әрине, бұрыңғы қатынастарыңыз туралы бәрін айтудың қажеті жоқ, бірақ маңызды деген фактілерді ашып айту керек.

10) Әртүрлі мақсаттар😶
Сіз карьера жасағыңыз келеді, ал ол ауылда кіші фермасын болғанын қалай ма? Екеуіңіздің әртүрлі екенін байқауға болады. Ойланып көріңіз, сүйіктіңіз үшін өзіңіздің армандарыңызды тастай аласыз ба? Ал ол ше?

11) Эмоция толы жүк😥
Өткеніңізді қаншалықты “ұмытсаңыз” да, келесі қарым-қатынасыңызға әсер ететінін ұмытпаңыз. Ол естеліктерді өшіру мүмкін емес, бірақ қабылдауға тырысыңыз. Ең жақсысы – психологиялық терапия өтіп, өткеніңізді жібергеніңіз.

12) Жақындарыңыз қолдамайды😭
Әрине, сіз оның әпкесімен, анасымен жүрмейсіз. Бірақ, сүйіктіңіздің жақындарымен түсіністігіңіз болмаса, жайлап махаббатыңыз сөніп бастайды. “Мен бұл адаммен тұрғым келе ме?” деген күдіктер басталады. “Таста анауыңды” деген анаңыздың сөздері де дұрыс емес.

Related Articles

Back to top button