Мақалалар

ЕРДІҢ ШӨП САЛУЫН ҚАЛАЙ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ?

ЕРДІҢ ШӨП САЛУЫН ҚАЛАЙ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ?

❌Көңіл-күйінің ауыспалығы
Күйеуіңізбен бірге көп уақыт тұрған сайын, оның көңіл-күйін өзгеруін бірден сезесіз. Оның қалыпты іс-әрекетінің өзгергенін бірден білетін боласыз.
Бірақ, еріңіздің көңіл-күйі өзімен өзі көтеріңкі болып жүрсе, бұл нені білдіруі мүмкін? Ал сұрастырса, “Ештеңе” деп басып қалады?
Немесе керісінше, күйеуіңіздің көңілі үйде төмен болып жүрсе, ал сұрасаң тістеніп сөйлесе, бұл да бір белгі.

❌Төсекте пассивті болып қалды
Егер төсек қатынасы аптадан аптаға созылып, азайып бара жатса, бұл оның тек “шаршауының” әсері болмауы мүмкін. Басқа әйел сексуалды қанағаттандырса, әйеліне деген қызығуы кетіп қалуы мүмкін.

❌Күтімі жақсарды.
Бұрында шұлығын жууға салмайтын адам, қазір жуынып, әдемі иіс су сеуіп жүр ме? Демалыс күндері “жұмысқа” шақырылып, сықиып киініп ала ма? Күмәндануға себеп бар, ер адамдар өз әйеліне үйреніп қалса, өзіне күтімі төмендейді. Ал “ғажайып” өзгерістерге олар көбіне ерінеді.

❌Телефоны тыншымайды.
Біртүрлі күлімсіреу, желілерден хаттар? Қарым-қатынастардың басында әрдайым сөйлескіміз келіп тұрады, еріңіз сағаттап біреумен сөйлесіп отса, біреумен жүруінің себебі болуы мүмкін.

❌Әрдайым кідіріп, кешігіп жүреді
Күнде болмаса да, аптасына 2-3 рет “жұмыстан” кеш келеді. Шынымен маңызды жұмыстары болуы мүмкін, бірақ бұндай кешігулер айлап жалғасса, басқа себептері бар екенінде күмәніңіз қалмайды. Сұрастырсаңыз, кішкене қобалжиды ма? Мүмкін оның жасыратыны бар.

❌Ұрыста өте белсенді немесе тым пассивті
Ұрыста адамдар белгілі темпті сақтайды, оның қалай ұрысатынын да біліп аласыз уақыт өте келе. Бірақ, соңғы кезде күйеуіңізді ұрыста танымай жатсаңыз, сізді жерден алып-салса – күмәндануға себеп бар. Өзінің сөздерінің соңын ойламайтынын білдіреді. Сіз кетсеңіз, басқа адамы бар болуы мүмкін.
Ал кейде, керісінше – тым пассивті. Сіз оған айқайласаңыз, бетіңізге быттиып қарап отыра береді. Жауаптары міңгірлеп шығады.
(Жазылған кеңестер 100 пайыз шындық екенінде кепілдік жоқ).

Related Articles

Back to top button