Әйел мен ер арасындағы қарым-қатынасты қалай қалпына келтіруге болады?
Әйел мен ер арасындағы қарым-қатынасты қалай қалпына келтіруге болады?
Кез келген қарым-қатынас белгілі бір кедергілерден өтеді. Серіктесіне деген ыстық құштарлықты жоғалту да осы кедергілердің бірі.
Бірінші, бұл мәселенің себебіне үңілейік:
🚫Ер мен әйелдің эмоциялық күйі. Депрессия, апатия, тіпті мезгілдердің ауысуы да либидоның төмендеуіне алып келуі мүмкін. Байқап көріңіз, мүмкін өзіңіздің немесе күйеуіңіздің жаны тыныш таппай жүрген шығар.
🚫 Жыныстық қатынаста бір-біріңізге шынайы емессіз. Өзіңізге қолайсыз болып жатқанын айта алмауыңыз да бір күні қарым-қатынастың суи бастауына алып келеді.
🚫 Әйел күйеуіне анасы сияқты қамқорлық көрсете бастағанда, кұштарлық та өзінен-өзі жоғала береді. Өйткені, арадағы қарым-қатынас ер мен әйел емес, ана мен бала арасындағы секілді.
Сонымен, мұндай жағдайда не істеу керек? Шешімі қандай?
☑️ Өзіңізді қуантатын әрекеттер жасаңыз. Жұбайыңыз екеуіңізге арнап қызықты, әсерлі демалыс ұйымдастырыңыз.
☑️ Жыныстық қатынас кезінде ләззат сезіне алмасаңыз, уақыт өте келе интим туралы әңгімелер сізде тек негативті ойлар тудыруы мүмкін. Өз сезімдеріңіз туралы серігіңізге ашық, жасырмай айтуды үйреніңіз.
☑️ Анасы секілді қорғаштай беруді тоқтатыңыз. Сіз күйеуіңіз үшін, ең алдымен, Әйелсіз.