Ас бөлмесі

ПИЯЗДЫ НАН РЕЦЕПТІ

ПИЯЗДЫ НАН РЕЦЕПТІ

Қамырына:

🔸Ұн-500гр.
🔸Жұмыртқа-2шт.
🔸Тұз-1-1.5ш.қ.
🔸Жылы сүт.

✅Салмасы:

🔘Пияз-3-4шт.
🔘Көкпияз-2 бумасы.
🔘Тұз,қара бұрыш қалауыңыз бойынша.
🔘Сұйық май және сары май қамырға жағу үшін.

✅Дайындалуы:

1️⃣Қамырды мантыға илегендей илеңіз. Пиязды екіге бөліп жеңішке етіп, ал көкпиязды ұсақ етіп тураңыз. Тұзды, қара бұрышты қосып араластырыңыз. Қамырды барынша жұқа жайып, сары майды жағыңыз.

2️⃣Салмасын салып, рулет етіп орап, жұмыртқаның сарысын жағып қыздырылған пеште (180°С) 20-25 минут пісіреміз. Екінші қамырды да жұқа жайып, сұйық майды жағамыз.

3️⃣Салмасын салып, рулет етіп ораймыз, сəл нанды үстінен басып шығыңыз. Қазанға аз ғана сұйық май құйып, баяу отта екі жағынан 20-30минут пісіреміз.

 

Астарыңыз дәмді болсын!🥰

Related Articles

Back to top button